#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанның Одақтық мемлекеттерге қосылу жоспарында жоқ — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольской правда" басылымына берген сұхбатында Қазақстан Ресей және Беларусь Одақтық республикаларына қосылу жоспарда жоғын айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Комсомольской правда» басылымына берген сұхбатында Қазақстан Ресей және Беларусь Одақтық республикаларына қосылу жоспарда жоғын айтты.

«Қазақстан Ресей және Беларусьпен екіжақты формат бойынша да, интеграциялық байланыс аясында да серіктестік орнатады (ЕЭО, ҰҚК, ТМД). Бізде Ресей және Беларусь Одақтық мемлекеттеріне қосылу жоспарда жоқ. Басты бағыт — аталған ұйымдар шеңберінде интеграцияны одан әрі дамыту», — дейді Тоқаев.

Тоқаев Қазақстан үшін ЕЭО экономикалық одақ ретінде әлеуетін күшейтуді ұсынатынын жеткізді.

«Біз Еуразиялық экономикалық одақты жаһандық ауқымдағы тиімді құрылымға айналдыра аламыз. Бұл бағыт бойынша жұмыстар кезеңімен жүріп жатыр. 2025 жылға қарай ортақ энергетикалық, қаржылық нарық болады. Цифрлық қарым-қатынас перспективалық бағыт», — деді Мемлекет басшысы.

Президент қазақстандықтар үшін Ресей ең жақын мемлекет болып қала беретінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар