Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің он жылдығында ашылған Саяси қуғын-сүргін мұражайында 15 жыл қызмет атқара отырып, 12 жыл осы кітап деп көз майын тауысқан апамның айтуынша, саяси қуғын-сүргін құрбандары үшін бұл еңбек түк те емес және олар шексіз құрметке лайық, — дейді.
Ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ханбибі Есенқарақызы осы жылдар ішінде мұражай қызметкерлерімен бірлесе отырып, саяси қуғын-сүргін көрген қайраткерлердің ұрпақтарымен бас қосып, көптеген іс-шаралар, халықаралық деңгейдегі конференциялар өткізген. Оған қоса әр жылдың 31 мамырында театрландырылған көріністер көрсетіп келген. Яғни, саяси қуғын-сүргін құрбандарын естен шығармау – әрбірімізге қастерлі міндет, — деп санайтын Ханбибі Есенқарақызы
Д.Айманбет, ақын