Шығармашылық байқауға еліміздің барлық облыстарынан қатысушылар ниет білдіріп, шығармаларын жолдаған. Жалпы байқауға 87 жас қаламгер қатысып, топтан жарып шыққан үздіктер мен жүйріктер анықталды.
Құрамында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сейдулла Садықов, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, ақын Әлібек Шегебай, жас ақын Мұқағали Кенжетай және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і басшысы Амалбек Өміртай бар әділқазылар алқасының шешімімен көркем шығарма бағыты бойынша 1 орынды Түркістан қаласынан Әмәлият Арқалық жеңіп алды.
Осы аталымда 2 орынға Отырар ауданынан Аяулым Жақсыбек ие болса, 3 орынды Қазығұрт ауданынан Жамал Жүрсінбек қанағат тұтты. Ал, көркем өлең бағыты бойынша 1 орынды Түркістан қаласынан топ жарған Дәурен Тлеухан иемденсе, 2 орынды түркістандық Еламан Төлеутай, 3 орынды Шығыс Қазақстан облысынан Рысгүл Досжан алды.
Сондай-ақ, эссе жазу бағыты бойынша 1 орынға Шымкент қаласынан Анарбай Жамал ие болды, 2 орынға шымкенттік Ерболат Айнабеков, 3 орынға Ақтөбе облысынан Дархан Мендолин лайықты деп танылды.
Байқау жеңімпаздары облыстық «Жастар ресурстық орталығының» арнайы сыйлықтарымен және Алғыс хаттарымен онлайн марапатталды.