#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Спорт кешендерінде санитарлық талап бақылауда

Шымкентте спорттық кешендерде санитарлық талаптың сақталуы қатаң бақылауда.

Шымкентте спорттық кешендерде санитарлық талаптың сақталуы қатаң бақылауда. Қазіргі таңда, «Қажымұқан» Орталық стадионында, «Металлург» стадионында, ескек есу су базасында, жеңіл атлетикалық манежде, «Орталық-су» кешенінде және Көркем гимнастика, «Тұмар», «Сұңқар», Садақ ату спорт кешендерінде оқу- жаттығулары өткізілуде. Одан бөлек, Динамо спорт залында, кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің залында, Ұлттық теннис орталығында, қысқы спорт түрінен Спорт сарайында, «Биік» футбол орталығында, «Марс» спорт кешендері мен спорт мекемелерінің залдарында, саябақтарда және спорт алаңдарында оқу-жаттығулар жүргізілуде.

Жоғарыда атап өткен спорт түрлерімен рұқсат берілген топтарда жалпы 6042 спортшы шұғылдануда. Спортшылар мен жаттықтырушылардың арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу шараларын жүргізу бойынша жаттығу өтілетін жерде және мекеме ғимаратында әр 2 сағат сайын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимі орындалуда. Сондай-ақ аталған спорт мекемелердің ғимаратында және жаттығу залдарында арнайы санитайзерлер орнатылған. Ал жаттығу алдында мекеменің медициналық қызметкерлері әр спортшының дене қызуын тексеріп тұрады.

Соңғы жаңалықтар