#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Төтенше жағдай кезінде мерзімі өтіп кеткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдай кезінде мерзімі өтіп кеткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды екенін, оларды сол уақытқа дейін айыппұлсыз ауыстыруға болатынын айтты.

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдай кезінде мерзімі өтіп кеткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды екенін, оларды сол уақытқа дейін айыппұлсыз ауыстыруға болатынын айтты.

Атап айтқанда:
— «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңның 6-бабында көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттар;
— Жүргізуші куәліктері, оның ішінде міндетті техникалық байқаудан өту туралы уақытша куәліктер;
— Азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарын сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттар;
— Кіруге және кетуге арналған рұқсаттар (визалар), Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға арналған рұқсаттар, еңбекші көшіп келушіге және шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушіге рұқсаттар, пана іздеуші адамның куәлігі төтенше жағдай кезінде жарамдылық мерзімі өткен жағдайда 10 шілдеге дейін жарамды деп танылды.

Төтенше жағдай режимі кезінде және ол аяқталған күннен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде 16 жасқа толған және жеке басты куәландыратын құжат алмаған азаматтар үшін туу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты көрсетілген кезеңде жеке басын куәландыратын негізгі құжат болып саналады.

Соңғы жаңалықтар