#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Ит құшақтаған құтқарушы кім?

Берік Төлегенов дәл қазіргі уақытта су шайған Фирдауси ауылын мал өліктерінен тазарту жұмыстарымен айналысуда.

Таяуда ғана әлеуметтік желілерде фотограф Мақсат Шағырбайдың ит құшақтаған құтқарушыны түсірген суреті тез тарап,қызу талқыға түскен болатын. Оның аты-жөнін,қайда қызмет ететінін сұрап,қызығушылық танықандар да аз болған жоқ. Бүгін бір топ әріптестеріміз құтқарушыны топан су астында қалған Фирдауси ауылында кездейсоқ қызмет бабында кездестіріп қалыпты. Оның аты-жөні Берік Төлегенов .

Ол бүгінде Шымкент қалалық төтенше жағдай департаментінде құтқарушы болып қызмет етеді. Берік мамыр айының 2 күні төтенше жарияланған Мақтаарал ауданына көмекке алғаш боп келгендердің бірі. Өргебас ауылындағы суға кеткен төрт түлік малдарды іздестіру барысында Берік шәуілдеп көмек сұраған итті қайығына мінгізіп, ажалдан аман алып шығыпты. Ешқандай әлеуметтік желіге тіркелмеген ол итпен түскен суретінің соншалықты қызығушылық тудырып,талқыға түскенін естіп таңғалыпты.
Берік Төлегенов дәл қазіргі уақытта су шайған Фирдауси ауылын мал өліктерінен тазарту жұмыстарымен айналысуда.

Қашанда жымия күліп жүретін жақсылық жасауға жаны құштар Берік Мақтаарал ауданындағы су басқан ауылдарды толық тазартпай ешқайда кетпейтіндігін айтады.

Соңғы жаңалықтар