#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан:Нөсерлі жауын-шашын салдарынан Ленгір өзенінің деңгейі үш есе көтерілген

Ленгір қаласында орын алған селдің салдарын жоюға арнайы 27 техника жұмылдырылған.

Төлеби ауданында қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан Ленгір қаласындағы Ленгір өзенінің деңгейі өзінің суды өткізу мүмкіндігінен бірден үш есе көтерілуінен, өзен жағалауы бойында орналасқан Көкжиек, Өркен, С. Сейфуллин көшелеріндегі бірнеше тұрғын үйлердің аулалары мен қораларына су кірген. Қазіргі таңда аудан әкімі мен Төтенше жағдайлар бөлімі бірлесіп, судан келген қауіптің алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыруда.

Ленгір қаласында орын алған селдің салдарын жоюға арнайы 27 техника жұмылдырылып, қосымша техникалар тартылуда. Қазіргі таңда шығындарды анықтау тобы құрылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Зардап шеккен азаматтар анықталмады. Өзендегі судың деңгейі күрт төмендеп, тұрақталынуда.

Соңғы жаңалықтар