#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Шымкент — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы тағайындалды

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы болып Жани Қамбар тағайындалды.

«Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы болып Жани Қамбар тағайындалды.

Қамбар Жани Сайдуллаұлы Шымкент қаласында дүниеге келген.  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Жобалық кеңсе басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары болған.
Сонымен қатар, Ж.Қамбар Шымкент қаласы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Айта кету керек, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметі қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мегаполистің мемлекеттік органдарына азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар