#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Төлебиден көмек керуені аттанды

Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 10 тоннадай гуманитарлық көмек арқалаған керуен Мақтаарал ауданына жолға шықты.

Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 10 тоннадай гуманитарлық көмек арқалаған керуен Мақтаарал ауданына жолға шықты. Керуенге жалпы құны 2 млн 633 мың теңгені құрайтын азық-түлік, су, 3750 кг ұн, 1500 кг макарон өнімдері, 1000 кг күріш, 1000 кг қант, 800 литр пісте маймен бірге, гигиеналық және күнделікті тұрмысқа қажетті заттар тиелген. Аталған заттар су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға үлестірілетін болады.

Қиын-қыстау кезде Мақтаарал жұртының жанынан табылып, барынша қолдау көрсетуіміз керек. Бұл қиындықты ұйымшылдық пен бірліктің арқасында жеңетінімізге сенеміз. Алдағы уақытта да көмектер жіберіліп, ізгілікті бастамалар жалғасын табатын болады. Төлебиліктер сіздермен бірге!

Соңғы жаңалықтар