#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өзбекстан президенті: Қазақ бауырларымыздан ұят болды

Өзбекстан Президенті Түркістан облысындағы апат салдарын жоюға көмек беруге дайын екендігін айтты.

Өзбекстан Президенті Түркістан облысындағы апат салдарын жоюға көмек беруге дайын екендігін айтты. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Сырдария облысындағы су қоймасы бөгетінің бұзылуынан су басқан Қазақстанның Түркістан облысындағы елді мекендерде апат салдарын жоюға қажетті көмек беруге дайын екенін білдірді.

Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Өзбекстан Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 сәуірге қараған түні апат кезінде Бұхара мен Сырдария облыстарындағы 38 мыңнан астам үйге, 847 әлеуметтік нысан мен егістіктерге залал келген.

«Біз табиғи апаттың зардабын жою үшін барлық қажетті шараларды қолданудамыз. Үкіметтік комиссия тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Бүгінге дейін әлеуметтік нысандардың 70 пайызы және үйлердің 20 пайызының шатырлары жабылған. Сонымен қатар, 5 000 шақырым электр желісі, 1100 трансформатор жөнделген… Өкінішке орай, осы уақытқа дейін табиғи апат салдарынан 4 азаматымыз қайтыс болды, 1 адам хабар-ошарсыз кетті. Қаза болғандардың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», — деді Шавкат Мирзияев Бұхара мен Сырдарияда болған апатқа қатысты жиында.

Өзбекстан президентінің айтуынша, су қоймасында болған жағдайға байланысты халықаралық сарапшыларды тарта отырып, барлық бөгеттерге терең сараптама жүргізілмек.

«Өкінішке орай, Сардобадағы апат салдарынан көршілес Қазақстан Республикасы Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді де су басты. Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, бұл мәселені өзара түсіністікпен, ашық әрі кеңінен талқыладық. Кеше Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған делегация оқиға орнына барып, жағдайды жан-жақты зерттеді», — дейді Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев.

«Бұл техногендік күтпеген апат тек біздің тұрғындарға ғана емес, сонымен бірге көрші қазақ бауырларымызға да үлкен зиян келтіргені өте ұятты болды. Олардың мекендейтін жеріне және егістік алқаптарына зиян келтірілгеніне де өкінеміз», — деді Өзбекстан Президенті.

Оның айтуынша, үкімет, тиісті министрліктер мен ведомстволар, жергілікті билік органдары, басқа да шенеуніктер мен сарапшылар өздерінің қазақстандық әріптестерімен бірге табиғи апаттардың салдарын жою үшін тығыз жұмыс істейтін болады. «Сондай-ақ, біз табиғи апаттың салдарын жоюда қазақстандық бауырларымызға қажетті көмек көрсетуге дайын екенімізді білдірдік. Біз бұл қиындықтарды халқымызбен бірге, өзара ынтымақты түрде жеңетінімізге сенімдімін», — деді Өзбекстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар