Жақынына жылуын жинап, көмекке асыққан Жамбыл облысы әкімдігінің 30 тоннадан аса азық-түлік тиелген керуені киелі Тараздан Мақтаарал ауданына жолға шықты.
Көмектің ішінде:
10 тонна ұн
10 тонна күріш
5 тонна қант
1 тонна гречка
2 тонна (сұйық май)
2 тонна макарон өнімдері мен 5 тонна бірінші қажетті заттар (жаңа) бар.
Естеріңізге салар болсақ, 1 мамыр күні сағат 5.20-да Сардоба су қоймасының бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысы, Сардоба ауданының Қорғантеп елдімекенін су алып кеткен еді. Салдарынан Мақтааралдың шекарасындағы екі ауыл тұрғындары эвакуацияланды.