1.Түркістан облысы аумағында жүру:
АШТӨ-рі тұрғылықты жері бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің тізіміне, өзінің аты-жөнін ЖСН және автокөлік нөмірін енгізеді.
Аудандағы ауыл шаруашылығы бөлімі жинақталған тізімді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолдайды. Басқарма рұқсат қағазын әзірлейді.
Рұқсат қағазға (пропуск) аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мөрімен расталып, тиісті агроқұрылымдарға ұсынады.
2.Шымкент қаласына кіріп-шығу үшін:
1) АШТӨ-іаудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің тізіміне, өзінің аты-жөнін автокөлік нөмірі, ЖСН, жүргізушіның мәліметін қоса ұсынады.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі жинақталған тізімді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолдайды.
Облыстық басқарма Шымкент қаласы әкімдігінің Ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармасына тізімді жолдап, «СЕРГЕК» базасына енгізуді қамтамасыз етеді.
2) Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Qoldau.kz сайтында ЭЦП кілті арқылы тіркеліп электрондық рұқсат қағазын ала алады. Бүгінгі таңда, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы «Агро рұқсат» электронды жүйеге қосылып, бүгінгі күнге 1689 өтінім мақұлданды, 294 өтінім қаралуда.
3) Азық-түлік өнімдерін өткізу бойынша еліміздің 8 өңірімен (Алматы, Шымкент қ, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, БҚО, Павладар) Меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, агроқұрылымдарға фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарға қоса, блок бекетте кедергісіз өтуі үшін «BizBirgemiz» Түркістан облысы азық-түлік өнімдері» атты логотипі таратылып берілуде.