#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан қаласының тарихы1893 жылдан бері зерттеліп келеді

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жөндеу жұмыстары Абдулла хан (1582-1598жж.) тұсынан бері әр кездері атқарылып келеді. Нақты ғылыми реставрациялық жұмыстар 1928 жылдан басталған. Қазіргі кезде  11-ші жөндеу және реставрация жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан қаласы мен алқабы археологиялық тұрғыдан 1893 жылдан бері зерттеліп келеді. Археологтар бұл уақыт аралығын — Ресей ғалымдары, Кеңес Одағы ғалымдары және Тәуелсіздік тұсындағы зерттеулер деп үшке бөледі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зерттеу 1865 жылдан басталған. Ал кесенеде жөндеу жұмыстары Абдулла хан (1582-1598жж.) тұсынан бері әр кездері атқарылып келеді. Нақты ғылыми реставрациялық жұмыстар 1928 жылдан басталған. Қазіргі кезде  11-ші жөндеу және реставрация жұмыстары жүргізілуде.

Бұл деректерді тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Марат Тұяқбаев «Түркістан өлкесіндегі археологиялық зерттеулер» тақырыбындағы тарихи шолуында мәлім етті. Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі тікелей көрсетілімде өткізген алғашқы онлайн кездесуде қорық-музейдің ғылыми қызметкері Марат Қымызұлы Түркістан қаласын зерттеу, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу аясында анықталған тарихи деректер, қазба жұмысының маңызы жөнінде әңгімелеп, көрермен сауалына жауап берді.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қорық-музейдің фейсбук парақшасында өтетін онлайн дәрістер мен шолуларға Түркістан тарихына қатысты зерттеулер жүргізген елімізге белгілі ғалымдар мен тарихшылар, археологтар, тарихи жәдігерлерді күтіп-баптау ісіндегі тәжірибелі мамандар қатысатын болады. Сондай-ақ, тарихи жәдігерлерді сақтау, қорғау және қалпына келтіру жұмыстары бойынша халықаралық ғылыми-зерттеу зертханасының мамандарымен де шеберлік сабақтары ұйымдастырылмақ.

Тарихи орындар мен жәдігерлер жайлы онлайн экскурсия жасау, оқырмандармен тікелей эфир арқылы байланысқа шығу да қорық-музей қызметкерлері төтенше жағдай кезінде қолға алған игі істердің бірі.

Соңғы жаңалықтар