#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент қаласының бас имамы тағайындалды

Шымкент қаласының бас имамы қызметіне Бақдаулет Нұрматұлы Абдурахманов тағайындалды.

Шымкент қаласының бас имамы қызметіне Бақдаулет Нұрматұлы Абдурахманов тағайындалды.

Шымкент қаласына арнайы келген ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек қажы Есмағанбет бұған дейін елордадағы «Нұр-Астана» мешітінде абыройлы қызмет атқарған Шымкент қаласының жаңа бас имамын таныстырып, алдағы атқарар қызметіне сәттілік тіледі. Ал Бақтыбай қажы Бейсенбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен басқа қызметке ауысты.

Қаланың бас имамы қызметіне кіріскен Б.Абдурахманов 1996-1998 жылдары Шымкенттегі «Арыстан баб» медресесін, 2001-2005 жылдары Шымкенттегі Халықаралық қазақ-араб университетін «Дінтану және араб тілі» мамандығы бойынша бітірген. 2006-2011 жылдары Қазақ қатынас жолдары университетін тәмамдап, екінші жоғары білім «экономика» мамандығын алған. 2003-2008 жылдары Жезқазған өңірі бойынша өкіл имамның орынбасары, наиб имам, 2008-2014 жылдары Сәтпаев қалалық «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің бас имамы, 2014-2019 жылдары Шымкент қалалық «Абдулхамид Қаттани» мешітінің бас имамы қызметін атқарды. 2019 жылдан бастап Шымкент қалалық «Halifa al-Nahaian agmeshit» мешітінің бірінші наиб имамы, Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр-Астана» мешітінің наиб имамы қызметтерін атқарған. Отбасылы.

Мешіт қызметкерлері қатысқан жиында ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек қажы Әуесханұлы төрт бағыт бойынша жұмыстарды күшейту, түрлі кереғар ағымдардың алдын алу, жастар тәрбиесі т.б. өзекті жұмыстар туралы айта келе нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар