Түркістан облысында жағымды жаңалық. Арыс қаласының 1970 ж. азаматы мен Жетісай қаласының 1983 ж.тұрғыны дертінен толық айығып,
отбасына оралды.
Атап өтейік, олардың бірі Нұр-Сұлтан қаласынан Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезбен келген азаматтың жақын туысы болса, енді бірі 4 сәуір күні қайтыс болған жетісайлық тұрғынның жақын туысы.
Соңғы көрсеткіштерге сай, облыста індеттен жазылғандар саны 20-ға жетті.