Шымкент қаласында «ЮжКаз ТрансСервис» ЖШС-нің тауарлық газды тасымалдау қызметіне тариф төмендетілді. Бұл туралы Шымкент қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті хабарлады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «ЮжКаз ТрансСервис» ЖШС-нің тауарлы газды газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау қызметінің тарифін төмендетті.
Аталған шара бекітілген тарифтердің қолдану мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес іске асырылды.
Тариф 1000 м3 1286,88 теңгеден 920,42 теңгеге немесе 28,5% төмендетіліп, 2020 жылдың 1 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Редакция таңдауы
Шымкент: Тауарлық газды тасымалдау қызметіне тариф төмендеді
Шымкент қаласында «ЮжКаз ТрансСервис» ЖШС-нің тауарлық газды тасымалдау қызметіне тариф төмендетілді.