#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

200 орындық аурухана 13 күнде салынды

Нұр-Сұлтан қаласында 200 орынға арналған заманауи жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталды.

Нұр-Сұлтан қаласында 200 орынға арналған заманауи жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталды. Нысан 13 күн ішінде салынды, деп мәлімдеді Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Айта кетейік, 3 сәуірде Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның үш ірі қаласында жұқпалы аурулар ауруханасын салуды шешкен.

Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын 200 орынды госпитальдің құрылысы Нұр-Сұлтандағы туберкулезге қарсы диспансер маңында 5 сәуірде басталған болатын.

Құрылыс дамылсыз тәулік бойы үш ауысыммен жүрген. Бір ауысымның өзінде 500-ге жуық адам жұмыс істеген. Құрылысқа барлығы 1300-ге жуық адам және 100-дей техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар