Мұсылмандықты қабылдаған Вильгельм Отт Алланың өзіне дұрыс жол көрсеткенін білдірді. Австриялық боксшы түрік достарының өзінің мұсылман болуына қатты ықпал жасағанын және алғаш Құран Кәрімді олардан алғанын атап өтті.
Әсерлерін түсіндірген Вильгельм Отт «Мұсылман болғанымды тек достарыма айтайын деп едім. Бірақ баршаның білуі керектігін ойладым. Твиттерде жарияланған видеодан кейін көп адам маған құрмет көрсетті. Мұнша көп адамның көңіл бөлетінін күтпеген едім. Маған деген құрметтеріне орай Ислам әлеміне алғыс айтамын. Баршаңызға сүйспеншілігімді білдіремін және «Машаллах» дегім келеді» деді.
Сондай-ақ, Отт «Ораза ұстайтын күндерді сабырсыздықпен күтудемін» деген жылы лебізін білдірді.