Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдан бастап Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «eSalyq» мобильдік қосымшасында «салық әмияны» сервисі іске қосылғанын хабарлайды.
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдан бастап Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «eSalyq» мобильдік қосымшасында «салық әмияны» сервисі іске қосылғанын хабарлайды. Қосымшаны App Store және Play Market-тен жүктеуге болады. «Салық әмияны» — қате төлемдер мен негізсіз айыппұлдарды жояды, қайтарымдар мен инкассалық өкімдердің санын және салық төлеушінің шығындарын азайтады, сондай-ақ банктер үшін комиссиялық шығындарды алып тастайды.
Жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерде «салық әмиянын» толтыру арқылы балама салық төлеу мүмкіндігі бар. Әмияндағы ақша автоматты түрде салық міндеттемелері пайда болған салықтарға есептеледі. Онда мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша салық салу объектілері туралы мәліметтерді көруге болады.
2020 жылдың сәуір айының соңына дейін Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеу бойынша ыңғайлы және қарапайым қызметті енгізу аяқталады.
Сондай-ақ, 2020 жылдың аяғында уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, салық салу объектілері туралы мәліметтерді түзету қызметін енгізу жоспарлануда, оның аясында жеке тұлғаларға салық салу объектілері туралы ақпаратты жаңарту үшін электронды өтініш жіберуге мүмкіндік беріледі. Бұдан бөлек, онда комитеттің екінші деңгейлі банктермен бірігуінің нәтижесінде салық төлеудің ыңғайлы және қарапайым қызметтері енгізілген.