Шымкентте тәуліктіктеп жұмыс істеп жүрген медицина мамандарына қонақ үйден орын берілді. Бұл — қауіпті ошақта жұмыс істейтін ақ халатты абзал жандардың отбасын сақтау мақсатында және қауіпсіздік жұмыстарын күшейту үшін қолға алынған қадамдар. Жалпы қонақ үйде коронавируспен күресіп жүрген 100-ден астам қызметкерге орын дайындалған.
Мұнда медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Күнделікті үш мезгіл тамағы беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады.
Айта кетейік, қонақ үйге орналастырған мамандар Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері.