#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент қаласында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 3 адам тіркелді

Шымкентте COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 38 адамға жетті.

Ауру жұқтырғандардың үшеуі Шымкент қаласында тіркелді. Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

12.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 38 адам анықталды.

Соңғы жаңалықтар