2020 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 35-ке жетті. Арыс қаласының 1974 жылғы тұрғыны COVID-19 инфекциясы расталған 2018 жылғы сәбимен жақын байланыста болған.
Жалпы облыс бойынша Жетісай ауданында – 14 адам тіркелген, оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған. Сондай-ақ, Кентауда — 5, Ордабасы — 2, Сайрам — 2, Мақтарал — 4, Арыс — 7, Сарыағаш — 1 тұрғыны індетке шалдыққан.
Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.