#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Бас мүфти барша мұсылмандарды бір мезетте дұға жасауға шақырды

«Біз – біргеміз, тілегіміз – ортақ».

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұма күні намаз уақытында «Біз – біргеміз, тілегіміз – ортақ» деген игі бастама аясында күллі адамзаттың амандығы үшін бір мезетте алақан жайып, дұға жасауға үндейді», — деп мәлімдеді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Құрметті Дін басшылары, мұсылман бауырлар! Бүгінде COVID-19 коронавирус жұқпалы дерті жер бетіндегі әлем жұртшылығын алаңдатып отырғаны баршаңызға мәлім. Өкінішке қарай, бұл індеттен әлемде мыңдаған адам көз жұмды. Әлемде осы дерттен қаза тауып, қара жамылған отбасылардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Алла алдынан жарылқасын!

Осы ретте, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ислам әлемінің ғұламаларын, күллі дін қайраткерлерін, дін саласының оқытушы-ұстаздары мен Құран қариларын және барша мұсылман қауымын 10 сәуір, жұма күні намаз уақытында «Біз – біргеміз, тілегіміз – ортақ» деген игі бастама аясында күллі адамзаттың амандығы үшін бір мезетте алақан жайып, дұға жасауға үндейді», — деп мәлімдеді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Соңғы жаңалықтар