Қайғылы оқиға 9 сәуірге қараған түні Мәскеудің батысында орналасқан «Третий возраст» қарттар үйінде болған.
Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, өрт туралы хабар Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 00.24-те түскен. Өрт сағат 01.20-де сөндірілді.
«Өрт сөндіру барысында шамамен 50 адам құтқарылды. Оларды медицина қызметкерлері тексеріп жатыр. Өкінішке қарай, 4 адам қаза тапты», — делінген хабарламада.