#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте жауған қалың қардан ағаштар құлап, электр желілері үзілді

Республиканың басым бөлігінде күн жауын-шашынды болмақ.

Республиканың басым бөлігінде күн жауын-шашынды болмақ. «Қазгидромет» РМК-ның мамандары 9-11 сәуір аралығында ауа райының құбылуы жөнінде хабарлаған болатын. Нақтырағы еліміздің солтүстігінде жаңбырдың қарға ауысуын және күшті екпінді жел, ал республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты нөсер жауып тіпті жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін екендігін айтқанды.

Шымкентте сәуірдің 8-нен 9-на қараған түні қатты жауын жауып, соңы қалың қарға айналды. Салдарынан көп қабатты тұрғын үй аулаларында ағаштар құлап, электр желілері үзілді. Мөлтек аудандарда электр жарығы өшіп, қолайсыздық туындатты. Табиғаттың тосын мінезі коммуналдық сала қызметкерлерін біраз әбігерге салды.

Алдағы тәулікте республиканың бірқатар бөлігінде тұман түсіп, жел күшейіп, солтүстік пен шығыста көктайғақ, батысты шаңды дауыл көтеріледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көтайғақ болады, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 25 метр болады. Ақмола, Қостанай облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысында түнде жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтеріліп, түнде Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түседі. Алматы облысында кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Түнде және таң ата бірақатар өңірлерде тұман түседі.

 

Соңғы жаңалықтар