Бұл туралы толығырақ ILO бас директоры Гай Райдер Женевада өткен баспасөз брифингінде видео конференция арқылы айтып өтті.
ILO бас директоры Гай Райдер Женевада видео конференция арқылы баспасөз брифингін өткізді. “Әрі дамыған, әрі даму жолындағы елдерде жұмысшылар мен кәсіпорындар үлкен қауіппен бетпе-бет. Жылдам, табанды және бірігіп қозғалуымыз керек. Дұрыс және жедел шаралар құламай қалу мен құлдырау арасындағы айырмашылықты анықтайды” деді ол.
Райдер ұйымның жаңа есебіне қарай коронавирус салдарынан жаһандық жұмыс күшінде әрбір бес адамның төртеуінің толық немесе ішінара кәсіпорын жабылған жерлерде өмір сүргенін атты. Ол әсіресе жоғары және орта табысты елдерде үлкен шығындар болатынын атап көрсетті.
Әлем көлемінде жұмысынан шығып қалатын 195 миллион адамның 125 миллионының Азия-Тынық мұхит елдерінде болатынын айтты. Райдер Қытайлық фирмалардың жұмысын қайта бастағанын білдірді.