Коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелді, Алматы қаласында — 6 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында — 2, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, жалпы 109 науқас тіркелді.
Айта кетейік, кеше COVID-19 вирусын жұқтырған екі емделушінің жазылып, ауруханадан шығатынын хабарлаған едік.