#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТТЕ ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН СУ ҚАЛАШЫҒЫ — «FONTAN» АКВАПАРКІ АШЫЛДЫ (Фото)

"Шымкент қаласында Орта Азиядағы ересектер мен балаларға арналған ең үлкен су қалашығы - «Fontan» аквапаркі ашылды", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қала қонақтары мен тұрғындарын жаңа аквапарктің ашылуымен құттықтады.                                       
Жансейіт Түймебаев, ОҚО әкімі:
— Міне, баршамыз қуанышты оқиғаның куәсі болып отырмыз. Жаңадан ашылып отырған заманауи аквапарк барлық талапқа сай етіп жасалған. Бүгінде қаламызда халықтың тынығып, демалуына арналған орындар көбейіп келеді. Мәселен, жуырда ғана қаланы қақа жарып ағатын Қошқар ата өзенінің бойын абаттандырылып, суға шомылуға арналған орындар пайда болды. Мұндай жұмыстар әлі де жасғасын табатын болады.    
Аквапарк 2 гектар аумақты алып жатыр. Онда биіктен сырғанайтын 8 төбешік орналасқан. Оның 2-еуі биіктігі 22 метрді құрайтын еліміздегі ең биік төбешік болса, ТМД елдері арасында ең ұзын төбешік те осында бой көтерген. Мұнда жасанды толқын және бассейін суын жылытуға арналған құрылғылар орнатылған.                                 
Кәсіпкердің айтуынша, демалыс аймағында 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Тәулігіне 2 мыңнан астам келушіге қызмет көрсетуге қауқарлы.

Соңғы жаңалықтар