Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше әкімге сөгіс жариялады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А.Жұмағалиевке ескерту жасады.
Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті. Аталған мәселе барлық облыстың басшыларына да қатысты екенін айтты.