#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Елбасы «Нұр Отан» партиясының съезінде халыққа көмектесуді тапсырды

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасының қатысуымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтіп жатыр, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Жиынға қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойымен барша отандастарды құттықтады.
Сондай-ақ, Президент «Нұр Отан» партиясының бүгінгі съезінде бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.                                                                                                   
Қысқаша айтар болсақ,
1. Республикалық бюджет шығындарының 45 проценті әлеуметтік салаға бағытталады
2. Бюджеттің әрбір тиыны халыққа жетуі керек
3. Толық емес көпбалалы отбасыларға үйден жұмыс істеуге мүмкіншілік жасау қажет
4. Көпбалалы отбасындағы әрбір балаға 21 мың теңге төленеді
5. «Құтты мекен» жобасы 7,5 млн ауыл халқының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді
6. Мүгедек балаларды асырап отырған ата-ана жәрдемақысы 30 пайызға өседі
7. Президент ауылдарды дамытуға 90 млрд теңге бөлуді тапсырды
8. Көпбалалы отбасыларға 2-3 пайызбен баспана сатып алу мүмкіндігі беріледі
9. 1 шілдеден бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 процентке арттыруды тапсырамын
10. Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосымша 120 млрд теңге бөлінеді
11. Ірі қалаларда баспана салуға қосымша 90 млрд теңге бөлінеді
12. Көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады.

Соңғы жаңалықтар