«Абай ауданы аумағында жылу маусымына дайындық жүргізілуде», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында жылу маусымына дайындық жүріп жатыр. Аталған ауданда орталық жылу жүйесіне қосылған 424 көпқабатты тұрғынүй бар. Айта кетейік, жылу маусымына дайындау жұмыстарымен 3 сервистик компания айналысуда.
Биыл Абай ауданы аумағындағы 424 көпқабатты тұрғын үйді қысқа дайындау, ішкі жылу мен ыстық сумен жабдықтау жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Осыған орай, «Қуатжылуорталық-3» МКК сервистік қызмет көрсету орталығы мен аудан әкімдігінің қызметкерлері бірлесе тұрғындар арасында келісім-шартқа отыру тұрғысында жиналыстар ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда 172 үй «Қуатжылуорталық-3» МКК, 40 көпқабатты тұрғын үй «Жилкомхоз Шымкент» ЖШС және 10 тұрғын үй «Энерго Строй Сервис» ЖШС мекемелерімен келісім-шартқа отырды. Ал 177 тұрғын үй қысқы маусымға толықтай дайын.