ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Шымкент қаласында аймақтық форум өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Нұр Отан» партиясының жаңғыруы аясында 2018 жылғы 22-23 тамыз күндері Шымкент қаласында партия тарихында алғаш рет «Бастауыш партия ұйымдарының» аймақтық форумы өтуде. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикамызда 5839 бастауыш партия ұйымдары жұмыс істейді, олар өз қатарларында 1 млн.-нан астам партия мүшелерін біріктіреді.
Партия құрылымын жетілдіру мақсатында тұрақты түрде мүшелер саны аз ұйымдарды біріктіру арқылы БПҰ желісін оңтайландырупроцесі жүргізілуде.Бүгінгі күні БПҰ жалпы санының 51,3%-ын (3001 бірл.) партия мүшелерінің саны 3-тен 100 адамға дейінгі, 41,6%-ын (2432) 100-ден 500 адамға дейінгі бастапқы ұйымдар құрайды.Бастауыш партия ұйымы жұмысын ұйымдастырудағы негізгі роль БПҰ төрағасына берілген. БПҰ төрағаларын, партия мүшелерін тұрақты түрде партиялық оқытудың түрлі әдістерін қолдану арқылы (онлайн оқыту, семинар-тренингтер, соның ішінде көшпелі) оқыту жүзеге асырылады. 2017-2018 жылдары БПҰ төрағаларының 4 мыңға жуығы партиялық оқуға қатысқан.
Аталған, аймақтық форумға Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласынан ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аумақтық филиал төрағаларының орынбасарлары, барлығы болып 250 жуық партиялықтар қатысты.