«Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында «Шымкент-қауіпсіз қала» жол картасы аясындағы бекітілген іс-шара жүріп жатыр», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Әл-Фараби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Шымкент-қауіпсіз қала» жол картасы аясындағы бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 21:00-ден кейін алкогольдік ішімдіктерді сатуға шектеу қою және 23:00-ден кейінгі қоғамдық тыныштықы сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда.
Осыған орай Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті рет аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті учаскелік полицейлер, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және аудандық әділет басқармасы өкілдерінің қатысуымен іс-шара жұмыстары жүргізілген.
Аталған іс-шара барысында, А.Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан кафелер мен сауда орындарының иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хабарлама парақшалары таратылды. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №429 «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Занының 9 бабының 3 тармағында, алкоголь өнімін, тиісті лицензиясы болмаса сақтауға және өткізуге тыйым салынады.
Сондай-ақ, алкоголь өнімін: жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға; лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төленбесе; сағат 21:00-ден келесі күнгі 12:00-ге дейін өткізуге тыйым салынады.
Аталған Заңның талаптарын сақтамау түрінде жасалған бұзушылық үшін – құқық бұзушылықтың тікелей нысаны болып табылған кәсіпкерлік субъектісінің санатына сәйкес, жиырма бестен бастап, алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 200,282,463 баптары). Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.
ШЫМКЕНТТЕ АЛКОГОЛЬДІК ІШІМДІКТЕРДІ САТУҒА ТИЫМ САЛЫНУДА
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 21:00-ден кейін алкогольдік ішімдіктерді сатуға шектеу қою және 23:00-ден кейінгі қоғамдық тыныштықы сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда