Шымкент қаласындағы Қазақстан Халқы Ассамблеясында өткен қайырымдылық концертінен егіз қыздарымыздың еміне бір жарым млн.теңгеге жуық қаржы жиналған.
Сондай-ақ, аталған концертте Дастан Оразбеков, Нұрболат Абдулин және Төреғали Төреали және т.б. қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары өз өнерлерін паш етті.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласында Қазақстан Халқы Ассамблеясы, қалалық «Жастар ресурстық орталығы» және «Insar» ивент орталығының ұйымдастыруымен Егіздің сыңарлары Айман мен Шолпанның еміне қаражат жинау мақсатында қайырымдылық концерті өтетіні туралы хабарлама таратылған болатын.
Кеш жүргізушілері Марат Оралгазин және Еркебулан Мырзабеков.
Сонымен қатар, қайырымдылық кеште ҚР эстрадасының жарық жұлдыздары Еркін Нұржан, Төреғали Төреәлі, Дастан Оразбеков, Нұрболат Абдулин өнер көрсеты. Билеттен түскен қаржы толықтай Айман мен Шолпанның анасына тапсырылды.
Шымкент қаласында өткен қайрымдылық концертінен соң қазақ эстрадасының өнер жұлдыздары алдағы уақытта республиканың басқа өңірлерінде жалғасын табады деп күтілуде.