ШЫМКЕНТТЕ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚЫЗЫҚТЫ ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

«Шымкент қаласында 4-5 тамыз күндері қызықты іс-шаралар өтеді», деп хабарлайды Adym.kz today.kz порталына сілтеме жасап.

4-5 тамыз күндері Шымкент қаласында өтетін іс-шаралардың тізімі жарияланды.
Атап айтсақ, 4 тамыз күні 15:00-де сал ауруына шалдыққан Айман мен Шолпанға арналған қайырымдылық концерті өтеді. Кешті Марат Оразғалин мен Еркебұлан Мырзабеков жүргізеді. Концертке эстрада жұлдыздары Еркін Нұржан, Төреғали Төреәлі, Дастан Оразбеков, Нұрболат Абдулин қатысады. Кіру құны екі мың теңгеден басталады.
Ал 4-5 тамыз күндері 17:00-ден 23:00-ге дейін «Кең баба» этнопаркінде қолөнер бұйымдары көрмесі өтеді. Балалар үшін ұйымдастырушылар шоу-бағдарлама ұйымдастырған. Кіру тегін.
Сонымен қатар, 5 тамыз күні 10:00-де «Наурыз» алаңында «ЯРКОкросс» шарасы өтеді. Қайырымдылық марафонының билеттерінен түскен барлық қаржы қаланы жасылдандыруға жұмсалады. Кіру құны мың теңгеден басталады.
Сондай-ақ, 11:00-де Baby Club-та (Адырбеков көшесі, 34) «Ұлы Моцарт» атты классикалық музыка концерті өтеді. Моцарт музыкасы ересектерге де, балаларға да пайдалы. Кіру құны төрт мың теңгеден басталады.
Демалыс күнінің соңғы шарасы 20:00-де «Фиркан city» сауда орталығының көлік тұрағында ұйымдастырылады. Бұл жерге Түркістан облысының ең танымал, ең қызықты көліктері жиналады. Кіру тегін.