ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ 2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТІ ҚАЛЫПТАСТЫ

«Шымкенттің республикалық қала деңгейіндегі 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті қалыптасты», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті екіге бөлінді. Бюджеттің кірістері мен шығыстары 7 айға жоспарланып, қалған айдағы жоспарлы қаржылары қысқартылды. Нәтижесінде 1 қаңтар мен 17 шілде аралығындағы бюджет 92 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар, республикалық қала деңгейіндегі 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті қалыптасты. 17- шілдеден жыл соңына дейінгі бюджеттің екінші бөлігі 50 млрд. теңгені құрайтын болды. Сондай-ақ, бүгінгі сессияда депутатар жаңадан құрылған 8 басқарманың қызметін қамтамасыз етуге қажетті қаржыларды бөлді.
Бұдан бөлек, депутаттар кезектен тыс 35 сессия барысында «Бизнес Шымкент «өңірлік үйлестіру кеңесін құруға келесімдерін берді. Кәсіпкерлерді қолдау аясында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға 300 млн. теңге бөлуді бірауыздан қолдады.
Естеріңізге салар болсақ, қала бюд­жетінің кірістері 72,1 млрд теңгеге, субвенция 13,4 млрд теңге көлемінде бол­жамдануда. Алдын ала есептеулерге сәй­кес, Шымкент қаласының жер­гілікті бюджеті 2025 жылға дейін субвенциялық болып қала береді. Қаланың штаты 229 бірлікке өсетін болады