ШЫМКЕНТТЕ «ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

«Шымкентте кең көлемді «Қауіпсіз қала» іс-шарасы өтуде», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

25 шілде мен 5 тамыз аралығында Шымкент қаласы аумағында кең көлемді «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – бұрын қолданыста болған заттарды сататын нүктелерді анықтау, яғни автобөлшектер сататын орындарға, ломбардтарға, темір сататын нүктелерге, ұялы телефон сататын нүктелерге және сауда орындарына кең көлемді тексеру жұмыстарын жүргізу, оларды тіркеуге алу.
Сондай – ақ, тәулікке жалға берілетін пәтерлерді анықтау, тіркеусіз жүрген азаматтарды, бұрын сотты болғандарды тексеріп, есепке алу. Түнгі уақыттарда ойын – сауық орталықтарына, ойынханалар мен сауналарға тексеру жүргізу, есепке алу. Жеке үйлерге тексеру жұмыстарын жүргізу. Есірткі заттары мен заңсыз қаруларды анықтау болып табылады. Бұл іс-шараға Шымкент қаласының 1000-нан астам полиция қызметкері жұмылдырылып, олар он күн бойы күшейтілген тәртіпте жұмыс атқаратын болады.