Жалпы, бұл мәселе Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің сәуірдегі саммиті барысында талқыланып, сең қозғалған болатын. Айта кетейік, екі ел арасындағы салқын қарым-қатынасқа байланысты туыстарынан қол үзіп қалған азаматтарды жақындарымен қайта қауыштыру 1980 жылдардың басынан бері жүргізіліп келеді. Осыған қатысты соңғы кездесу 2015 жылы қазан айында өтті.
50 ЖЫЛДАН АСТАМ УАҚЫТ КЕЗДЕСПЕГЕН ТУЫСТАР ҚАЙТА ТАБЫСТЫ
"Ресми Пхеньян мен Сеул өкілдері Қызыл Крест желісі бойынша келіссөз жүргізді. Нәтижесінде 1950-1953 жылдардағы соғыс ажыратқан отбасылар тамызда жүздесетін болды", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі abctv.kz сайтына сілтеме жасап.