АРГЕНТИНА ФУТБОЛ ЖҰЛДЫЗДАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН СОҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАДАН КЕТЕДІ

Adym.kz: TNT Sports LA журналисі Эрнан Кастильо Әлем Чемпионатынан кейін Аргентина құрама командасының бірнеше футболшылары құрама командадағы карьерасын аяқтауы мүмкін екендігін айтады.

Журналист Мундиалдан соң Маркос Рохо, Эвер Банега, Лукас Билья, Серхио Агуэро, Анхель Ди Мария және Хавьер Маскерано Аргентина құрамасынан кетеді деген мәліметті жариялады. Сондай ақ, Лионель Месси мен Гонсало Игуаин де карьерасын аяқтауы мүмкін екендігін жеткізеді.
Естеріңізге салар болсақ, 2016 жылы Америка кубогының финалынан соң Месси құрама командадан кеткенін мәлімдеген болатын. Алайда, 7 аптадан кейін Аргентина құрама командасына қайта оралған болатын.