ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЙТЫСКЕР АҚЫН ӘБЛЯЗОВТЫ СЫНАП ТАСТАДЫ

Adym.kz: Өкініштісі, Әблязовтың құрғақ уәдесіне сенетіндер әлі де көп екен. Осыдан ілгері еліміздің бірнеше қаласында қашқын банкир Мұхтар Әблязовтың сойылын соғып, заңсыз наразылық акциялары өткен болатын. Мұны Азаттық радиосының қазақтілді редакция тілшісіне мессенджер арқылы жауап берген Әблязов өзі мойындаған.
«Жоғары жалақы және ешқандай қарызсыз бақытты өмір сүру» — атақты қашқынның құрғақ уәделерінің бірі. Бұл ақшаны ол қайдан алмақ? Париждегі сәнді өмір мен тұрақты адвокат жалдау — бұл арзанға түспес, әрине. Осы жағдайға байланысты қазақтың от тілді, орақ ауызды айтыскер ақыны Ринат Зайытов өз ойын білдірген болатын.
«Егер, Аблязовтың Қазақстанға жаны ашыса, өзі келіп бірінші шықсын алаңға мына жерде отырып алып, мына жерде отырған жастарды айтақтамай-ақ қойсын. Қаншама адам қамалып жатыр, қайсысын алып шығып жатыр Әблязов», — деді айтыскер ақын.
Шынымен де, жайлы өмір, тәтті тағам жеп отырып Әблязов қайтсем қазақстандықтарды митингке шығарамын деп бас қатырғаны белгілі. Бірақ, не үшін? Қандай жарқын идея үшін? Оның көксегені не? Егер шынымен де халықтың жайлы өмір сүргенін қаласа, халықпен бірге неге өзі алаңға шықпайды?
Әрине, бұл мүмкін емес, ол Еуропаны жақсы көреді. Қаншама жан ұсталып, жазықсыз қамалып жатыр. Мықты болса, неге халықпен бірге алаңға шығып, сол қамалғандарды босатып алмайды? Бірақ, ол олай істей алмайды. Халықтың арасына іріткі салып қойып, өз інінде тығылып отырған қашқын. Миллиардтарды ұрлап әкеткен қашқын сенімге лайық емес, ал оның барлық ұрандары мен уәделері өзі сияқты жалаң, құрғақ, негізсіз. Алайда, әлеуметтік желілерде Əблязовтың фейк тролльдары оның жалған «отаншылдығын» қолдап, оған кір жуытпауда. Рухани сауатсыз надан акаунттар жұртты шатастыруда. Осыған орай ел үкіметі ақпараттық салада бұл теріс ниеттегі тапсырыстарға тойтарыс беруә керек.