«Шымкенттік «Ордабасы» клубы Еуропа лигасында ойнау құқығынан айырылды. Мұндай шешім «Клубтарға сертификат беру ережесі және УЕФА турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плей ережесін сақтау» бойынша өткен сертификат беру комиссиясының отырысында қабылданды», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеп.
Ал «Астан» (Астана қаласы), «Қайрат» (Алматы қаласы), «Ертіс» футбол клубына (Павлодар қаласы) 2018/19 маусымда УЕФА ұйымдастыратын турнирлерге қатысуға сертификат берілді. Сондай-ақ, «Тобыл» клубына сертификат беру мақұлданды.