«Түрік журналисі Оғыз Доған Астана қаласындағы Qazkom банкінің бөлімшесімен соттаспақ», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Today.kz сайтына сілтеме жасап.
Оғыз Доған 25 сәуірде аталған банк бөлімшесіне есепшот аштыруға келген. Қалаған қызметін мемлекеттік тілде ала алмаған Оғыз қызметкерлерден қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен. Қызметкерлер одан бейнежазбаға түсіріп жатқан телефонды алып тастауды сұраған.
Әлия есімді бөлімшенің бастығы да Оғызбен мемлекеттік тілде сөйлеспеген. Оқиға соңында бөлімше күзетшісі Оғызды итеріп, есіктен сыртқа шығарып тастады.
Естеріңізге салайық, Оғыз Доған Air Astana әуе компаниясының қызметкерлерін қазақ тілінде сөйлемегендері үшін сотқа беріп, сотта жеңіп шыққан болатын.