«Қазаққа мәдениетсіз болу тән емес. Бірақ қазаққа заманауи болу тән». Бұл Астанада өткен «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV Съезінде Ninety one тобының мүшесі Дулат Мұхаметқалиевтің айтқаны. «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV Съезінде Алматы қаласыың атынан Орталық кеңестің жаңа мүшесі болып сайланған ол q-pop жанры туралы сөз қозғады. Кью-поптың рухани жаңғырудағы рөлі мен латын әліпбиіне көшуді Ninety one шығармашылығы қалай қолдайтыны туралы айтып берді. Adym.kz ақпарат агенттігі ZAQ атымен танылған рэпердің «Жас Отан» Съезінде сөйлеген сөзін толық жариялады.
Дулат Мұхаметқалиевтің Съез мінберіне шығар алдын үлкен экраннан видео көрсетілді. Видеода Дулаттың өз дауысымен мына сөздер айтылды:
«Мен жастың шақтың екпінімен мүмкіндіктер кеңістігінде жаңа әлемге жол саламын. Сенім мен бірліктің әуендері күнімізді биікке шығарып, қатқан таптаурындар мен мұздаған жүректерді жібіте алады.
Отан-Ана,
Гүлің болып егілейін
тек биікке жету үшін…
Жырың болып төгілейін
тек мұзды еріту үшін…
Сен »
Содан кейін Дулат Мұхаметқалиев сөз алып, қазақстандық өнерпаздарды қазіргі трендтерге ілесіп, қазақстандық өнер нарығын аяққа тұрғызуға, осылайша ел экономикасын көтеруге атсалысуға шақырды.
«Қайырлы күн, құрметті Съезге қатысушылар және қонақтар!
Менің есімім — Дулат Мұхаметқалиев. Ninety one тобында өнер көрсетемін және «Жас отан» жастар қанатының Орталық кеңесінің мүшесімін.
Бүгін барша жас өнерпаздар және менің әріптестерімнің атынан өзімнің ойымды білдіруіме осындай алаң болып, мүмкіндік туғанына алғысымды білдеремін. Рахмет
Бірден сұрақ.
«Музыка» деген не?
Шынымен де «музыка» деген не?
Дәл осы сұраққа мен жауап тапқаннан кейін, өмірім бірден өзгеріп кетті.
Мен өнерге деген қызығушылығым арқылы Ninety one тобына келіп, әлеммен музыка арқылы танысуға мүмкіндік алдым. Топ болып құрылғаннан кейін бәрі бірден жақсы болып кеткен жоқ. Алда көптеген түсініспеушіліктер болды. Бірнеше қалада, бірнеше алаңда біздің өнер көрсетуімізге қарсы болды. Яғни, өлең айту, шоу көрсету, нағыз заманауи әртіс болу — 21 ғасырдың қазағына тән емес екен.
Дәл сол уақытта: біз 21 ғасыр мен қазақ менталитеті және мәдениеті бір-біріне сәйкес келмейді деген таптаурынмен кездестік. Мен ол оймен толықтай келіспеймін.
Қазаққа мәдениетсіз болу тән емес. Бірақ қазаққа заманауи болу тән. Менің ойымша.
Осы уақытта сұрақ туындайды.
Батыс мәдениеті біздің мәдениеттен несімен ерекше?
Батыс мәдениеті заманға сай әрдайым өзгеріске ұшырап отырады. Сол себепті де бүкіл әлемнің жастарына ол өте тартымды. Біздің мәдениетімізді, рухани қорымызды егер де біз биік деңгейге шығарғымыз келсе, онда жастардың қызығушылығын ескеруіміз керек. Қазіргі трендтерге қазақтың мәдениетін бейімдегеніміз жөн.
Осы кішігірім әлемге бір айтқым келетін нәрсе:
Рухани жаңғырудың негізгі көзі: ол – өнер саласы. Рухани қордың қоректендіруші, бір салмақты құралдарының бірі: ол – шоу-бизнес.
О нәрсемен келісесіздер деп ойлаймын.
Және де қазіргі уақытта осы шоу-бизнеске 91 тобы Q-pop бағытын алып кеп, ұсынып отыр.
Q-pop бағытының негізгі мақсаты неде?
Барлық музыкалық салаларды, яғни музыкалық бағыттарды, тв-шоу бағдарламаларды және тағы басқа шоу-бизнеске қатысты заттардың бәрін қазақтілді контентпен толтыра отырып, қазақтың мәдениеті мен тілі, өнері жан-жақты бола алатынын дәлелдеу.
Осы уақытта егер де түсініспеушіліктер тағы да болып жатса, мен корей елінің кей-поп субмәдениетін мысалға келтіргім келеді.
Неге корей?
Себебі бәріміз азиат келбетімізбен – бірміз.
Сол кезде олардың қысқаша айтқан кездегі негізгісі – ол корей елінің негізгі туризм көзіне айналып кеткен – жылына 5 млрд АҚШ долларын елге алып кеп тұратын – үлкен бизнес. Неге? Себебі, корей елінің кей-поп субмәдениеті, яғни жалпы өнері мемлекеттің үкіметімен мемлекеттік дәрежеде әлемдік деңгейге шығару барысында өте тығыз байланысты.
Сол нәрсені мен біздің q-поптан да көремін. Осы жерде потенциалды байқауға болады деп ойлаймын.
Ендігі q-поптың, яғни 91 тобының екі жыл ішіндегі жеткен жетістіктерін айтып өтсем бе деп ойлап тұрмын
Өзіміздегі көптеген жүлделерді алуымызды былай қойған кезде, біздің ең үлкен жетістік: әлемнің 120 мемлекетінде біздің ресми тұрғыда жанкүйерлеріміз бар.
Фандомның аты – Eaglez.
Және де егер де біз қазақ тілін әлемдік деңгейге шығарғымыз келсе, онда біз қазақ тілін соған ыңғайластыруымыз керек.
Бұ жерде латын әліпбиі өте ыңғайлы келеді. Біз онымен толықтай келісеміз.
Сол себепті де топтың аты Ninety one болып аталып, топтың өлеңдерінің бәрі латын әліпбиінде шыққан. Ол қадамның берген нәтижесі – біздің шетелдік жанкүйерлер қазақ тілінің әдемілігіне қызығушылық танытып, қазақ тілін үйрену үстінде. Және де үйренгеннен кейін бізге әртүрлі видеожолдамаларды қазақ тілінде жіберуде.
Қорытындылай келе, айтқым келеді. Жастардың сұранысы бойынша, дәл сол жастардың екпінімен және сіздердің қолдауларыңызбен біз қазақ мәдениетінің, тілінің, өнерінің, кодының қорын жай ғана өзара дамытып қана қоймай, бүкіл әлемдік деңгейге шығара аламыз.
Өнер саласында өзімнің әріптестеріме айтарым: бәріміз бірігіп, елдің экономикасына ықпалын тигізетін өнер нарығын аяққа тұрғызып, жалпы Қазақстанның атын әлемдік деңгейге шығарайық.
Мұзды еріту ешқашан да кеш емес.
Рахмет!»
Айта кетсек, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының Съезі төрт жылда бір рер өткізіледі. Биылғы Съезге Қазақстанның барлық өңірінен 1500-ден астам делегат пен қонақ келді. Биылғы Съездің ұраны — «Жаңа әлемге жол саламыз» деп аталады.
«Жас Отанның» ютубтағы тікелей эфирінде Ninety one ән шырқады. Сосын, топ мүшесі Дулат Мұхаметқалиев жарыссөз сөйледі.