Adym.kz: БҚО-да ақбөкендер қырылып жатыр. Осыған байланысты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясының басшысы Қайрат Қатешев мәлімдеме жасады.
Қайрат ҚАТЕШЕВ, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясының басшысы:
— «Күн күрт жылынып, қайта аяз түскен кезде, мұз қатып, жас ақбөкендер қар астынан қорегін қазып ала алмайды. Соның салдарынан екі күн ішінде жеті бас ақбөкен өлген. Қамысқа қарай бастайтын соқпақ салынды, әлі құрып ашыққан ақбөкендер жайылымдарға жетіп, сол жерден қоректеніп жүр».
Орманшылар жануарларға шөп беріп көргенімен, даланың тағы жануарлары ол маңға жақындамайды екен.
Айта кетерлігі, Оралдағы суық ауа райының салдарынан тоңның қалыңдығы 1,2 м-ге жеткен.