ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ ТҮНГІ ЭТНОАУЫЛ (Фото)
Adym.kz: Атбұлақ ауылындағы Қазығұрт тауының бөктерінде «Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз» мерекесіне арналған «Наурыз Қазығұрттан басталады» іс-шарасы өтетіні белгілі.
Мерекеге орай облыс көлемінде 1500-ге жуық өнерпаздың қатысуымен өтетін мерекеде 40-тан астам киіз үй құрылды.
21 наурыз, «Ұлы көш» Наурыз керуені театрландырылған сазды-хореографиялық қойылымы аясында төрт түліктің бабалары Қамбар, Ойсылқара, Зеңгібаба, Шопан ата мереке алаңынан жүріп өтеді. Керуенге облысымыздағы барлық аудан, қала өнерпаздары қатысуымен концерттік бағдарлама қойылады. Сонымен қатар 10 түйе, 100 ат, 8 арба және 200-ге жуық тетр әртістері, мәдениет қызметкерлері мен өнер ұжымдары қатысады.
Наурызнама
Ежелгі шежірелік деректерде, Наурыз мерекесі 127 ғасырдан бері қазақ елінде Қазығұрт (Қазық жұрт) тауына Нұқ пайғамбардың кемесі келіп тоқтаған күннен бастап тойланып келе жатқаны айтылады. Өткен ғасырдың аяғында Тәжікстандағы 3000 м. биік таудың басынан акуланың тасқа айналған сүйегі табылғаннан кейін, бүкіл әлем ғалымдары Нұқ пайғамбардың кемесі қалған жер Оңтүстік Қазақстандағы Қазығұрт тауы екенін мойындауға мәжбүр болды. Бұл мерекені қазақтардың «Ұлыстың ұлы күні» деп атайтындарының сыры осыдан болса керек.