Adym.kz: Бүгін Шымкент қаласында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай дәстүрлі «Қошқар ата Сейілі» фестивалі өтті. Бұл мейрам осыдан шамамен 100 жыл бұрын «Қошқар ата Сейілі» деген атпен белгілі көне көктем мерекесі болған. Ертеректе халық Қошқар ата Сейілді тойлау кезінде «Тоқшылық болсын», деген тілекпен Шопан ата түлігін құрбандыққа шалып отырған.
Көктем меркесінде қала әкімдігінің ұйытқы болуымен Қошқар ата өзені жағасында асыл тұқымды түліктердің көрмесі, ұлттық ойындар мен ұлттық қолөнер шеберлерінің көргізбесі қойылды.
Әрі, Оңтүстіктің этномәдени орталықтарының мерекелік дастарханы жайылып, наурыз көжеден дәм татқан жұрт бір-бірімен құшақтасып, «Жыл басы құтты болсын!» айтысты.
Тіпті, мерекеге жиналған жасөскіндер 26 градустық ыстықта қызды-қыздымен өзен суына шомылып үлгерді