Adym.kz: «Google» корпороциясы «сымсыз нүктелер» арқылы Латын Америкасында өз пайдаланушылар санын арттырмақ. Компания өзінің Wi-Fi нүктелер санын арттыруды көздеп отыр. Мексика «Google» компаниясы өзінің «Station» бағдарламасын жүзеге асырып жатқан алғашқы мемлекет. Бұл бағдарлама интернетті тегін пайдалануды қамтамасыз етеді.
Алғашында Wi-Fi орындары мемлекет бойынша, Сюдад-Хуаре әуежайынан бастап, АҚШ шекарасындағы жолдарға дейін, сонымен бірге Мексикадағы сауда орындарында қосылады.
Атап айтар болсақ, «Google» осыған дейін Үндістан мен Индонезияға да Wi-Fi нүктелерін орнатқан еді. Бүгінгі күнде әр айда «Google Station» бағдарламасынан 8 миллион адам пайдаланып жатыр.