Adym.kz: Ресейде президенттік сайлау алдындағы тыныштық күні жарияланды. Бүгін Ресейде президенттік сайлау алдындағы тыныштық күні. Сол себепті бүкіл ел бойынша сайлауға дейінгі үгіт-насихаттың кез келген түріне тыйым салынған.
Ресей қалаларында наурыз айында өтетін президент сайлауына қарсы наразылық шаралары өтуде. Шараны ұйымдастырушы ретінде әлемдік басылымдар оппозиция өкілі Алексей Навальный деп көрсетуде. Ел орталығы Мәскеуден тыс бірнеше қалада өткен шеруде «18 наурызға жоспарланған президент сайлауын тоқтату керек» деген талап қойылған.
Естеріңізге салар болсақ, бүгін өтетін президент сайлауында Ресей халқы өз таңдауын жасайды. Әлеуметтік-экономикалық, саяси шешімдер қабылдап, реформа жүргізуге 4 жыл аз болғандықтан, биыл президент 6 жылға сайланады.
Анығында, бұған дейін үш рет сайлауда жеңіске жеткен Владимир Путин Ресей президенттігіне үміткер басты фаворит болып отыр.