ШЕТЕЛ БАРЛАУШЫЛАРЫНЫҢ 400 АГЕНТІ АНЫҚТАЛҒАН

Adym.kz: ФСБ (Федералды қауіпсіздік қызметі) алқасына қатысқан Ресей президенті Владимир Путин соңғы кезде елде шетелдік агенттердің көбейгенін атап өтті. Әрі, арнайы қызметке саяси, экономикалық және қорғаныс саласына қатысты ақпарат алуды көздейтін шетелдік барлаушылардың жолын кесуді тапсырды.
Ресей президентінің мәліметіне қарағанда, былтыр ең соңғы заманауи тәсілдерді қолданған шетелдік барлау қызметінің 72 қызметкері мен арнайы қызметтің 397 агенті ұсталған.
Өткен аптадағы халыққа жолдауында ол ФСБ қызметкерлерін жаңа ойлап табылған ресейлік қаруды құпия сақтағаны үшін мақтаған.
Естеріңізге салар болсақ, Кремль басшысы дәстүрлі жылдық жолдауында екі сағатқа жалғасқан баяндамасының жартысына жуығын қорғаныс саласы мен стратегиялық қару түрлеріне арнаған болатын.