ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАЙЛАРДЫҢ «ФОРБСТАҒЫ» ОРЫНДАРЫ НЫҒАЙҒАН

Adym.kz: «Forbes» журналына қазақстандық ең бай бес азамат енген. Өткен жылдың қортындысы бойынша төртеуінің тізімдегі орындары жылжыған.
Атап айтар болсақ, 729-орында Тимур Құлыбаев және оның жары Динара Құлыбаева. Әрқайсысының байлығы 1,1 миллиард долларға артып, 2018 жылы 3,2 миллиард долларға жеткен. Өткен жылы олар 973-орынды иемденген болатын.
Құлыбавтардың өкшесін баса «Kazakhmys» және «RBK Bank» бас акционері Владимир Ким 766-орынға тұрақтаған. Оның байлығы 3,1 миллиард доллар. Ал, Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов 896-орыннан 924-орынға түскен, байлығы 2,6 миллиард доллар. Бай қазақстандықтар бестігіндегі Әлімжан Ибрагимовтың байлығы қазірге 2,3 миллиард доллар ғана.